Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде күріш егу науқаны мәресіне таяды. Қазір жергілікті диқандар 81954 гектарға басты дақылды орналастырды. Бұл жоспарланған көлемнің 92,9 пайызын құрайды. Облыс бойынша 73724 гектар егін суға бастырылды.

Күріш егісі жөнінен Сырдария және Жалағаш аудандары алдыңғы лектен көрініп отыр. Атап айтқанда, 25 мамырдағы мәлімет бойынша Сырдария­да 20046, Жалағашта 19956 гектарға дән себілді. Екі ауданда да 18 мың гектарға жуық егістік суға бастырылған. Одан кейінгі кезекте Қармақшы 13750, Шиелі 12200, Жаңақорған 7500, Қа­залы 5570 гектарға күріш екті.

Диқандар санаулы күнде күріш егуді толық аяқтайды.

Тағы да оқыңыз: