Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыста коронавирус індетінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар “Covid-19” вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.

Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.

Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны – 249.
(Кызылорда қаласы – 96, Арал ауданы – 8, Қазалы ауданы – 8, Қармақшы ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 68, Жанакорған ауданы – 35 және өзге мемлекеттер мен өңірлердің азаматы – 2 (Алматы қаласы – 1, Ресей федерациясы – 1).

Тағы да оқыңыз: