Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тікелей сайлау арқылы 40 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Сайлау процесінің ашық және заңға сәйкес өтуін бақылау үшін облыстағы саяси партиялар, азаматтық қоғам институттарынан 600-ден астам байқаушылар жұмыс жасауда.  

«Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтуде. Біздің мақсатымыз – сайлаудың ашық, әділ, сайлау заңнамаларына сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу» – дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Тұсмағамбетов.

Байқаушылар шілде айының басында арнайы оқу семинарларынан өткен, өз міндеттері мен құқықтарын жақсы біледі. Байқаушылар таңғы 6-дан бастап сайлау учаскелерінде сайлау процесінің үдестерін бақылауда. Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алмаған.

Тағы да оқыңыз: