Kyzylorda-news.kz. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Сонымен қатар Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте қатты 35 градус ыстық болады.

Ертең Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 5 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус ыстық, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Ал Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні түстен кейін Ақтауда найзағай ойнап, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

Тағы да оқыңыз: