Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы облыста барлығы 8 мың гектардан астам жерге бақша (қауын, қарбыз) дақылдары орналастырылды.

Аймақтың климаттық ерекшелігіне сәйкес, егілген бақша дақылдарының басым бөлігі Жаңақорған және Шиелі аудандарының үлесінде.

Атап өту қажет, қазіргі таңда елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты, облыс көлемінде өндірілетін бақша және көкөніс өнімдерінің сатылымын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі тарапынан еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінің барлық әкімдіктеріне арнайы ұсыныс хат жолданған болатын.

Бүгінде Жаңақорған ауданында 70-ке жуық шаруашылық пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту бағытында ашылған агроаймақтардың дихандары ерте егілген қарбыздың алғашқы өнімдерін шығарды. Еліміздің солтүстік облыстарына таратылып, қарбыздың алғашқы легі көрші Ресей мемлекетіне экспортталды.

Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары үшін Қызылорда қаласынан бақша өнімдерін сатуға арналған арнайы орындар белгіленген.
Қазіргі таңда, еткен еңбектің арқасында қарбыздың әр гектарынан 400-500 центнерден өнім алынуда. Нәтижесінде, бүгінгі күні облыс шаруалары 1000 тоннаға жуық қарбыз өнімін сатылымға шығарды.

Тағы да оқыңыз: