Kyzylorda-news.kz. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығын Қызылорда облысында 15 Ұлы Соғысының ардагері қарсы алды.

Облыс көлемінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 4335 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 454,8 млн.теңге бөлінді.

Оның ішінде:

– 16 ҰОС қатысушыларына бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн. 111,1 мың теңге төленуде;

– ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған 36 адамға 183,3 мың теңгеден төленеді.

– ҰОС жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген, Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларыннда болған 4234 азаматқа 100,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

– Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне) 1 адамға 100 мың теңге төленеді. Өңірде олардың жалпы саны– 49.

Тағы да оқыңыз: