Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40%-ға қысқартылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары 4 санат бойынша шетел жұмыскерлерін тартудан толықтай бас тартып, жұмыс берушілердің қажеттілігін жергілікті мамандар есебінен жабуды жоспарлап отыр.

«Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады.

Квота 2019 жылы бекітілген санымен (48 700 бірлік) салыстырғанда 40% – ға, оның ішінде 3 санат бойынша (мамандар) – 37%-ға және 4 санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 23%-ға қысқартылды.

Квотаны қабылдау ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғауға, қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс берушілердің білікті шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандырады», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: