Kyzylorda-news.kz. Жұмыс сапары барысында аудан ауруханаларының қазіргі ахуалымен, дәріханалардың жұмысымен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ең алдымен Серік Әбжәлелұлы Мәдениет ауылдық ауруханасындағы провизорлық стационардың жұмысымен танысты. Аурухана ғимаратында короновирусты инфекциясымен ауырған науқастарға арналған инфекциялық 25 төсек орын, провизорлық 80 төсек орын дайындалған.

Оларда 3 терапевт дәрігер, 2 реаниматолог дәрігер, 1 инфекционист дәрігер, 18 мейіргер, 1 зертханашы және 18 кіші аяжан, барлығы 43 медициналық қызметкер жұмыс жасауда.

Жалағаш аудандық аруруханасы КВИ инфекциялық төсек орында қазіргі таңда 5 науқас емделуде, 2 науқас қайтыс болды, провизорлық стационарда жатқан COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастармен тікелей байланыста болған 96 науқас ем алып шықса, қазіргі таңда 64 науқас ем алуда, ал карантиндік стационарда 293 азамат бақылауда болған.

Ауруханада «Аппарат искусственной вентиляции лёгких» 2 дана ИВЛ аппараты – (1 данасы КВИ провизорда, 1 данасы КВИ инфекцияда), 1 дана «Кислородный концентратор» аппараты бар.

2018 жылы пайдалануға берілген Мәдениет ауылдық клубы 2020 жылдың мамыр айынан бастап дәрігерлерге арналған жатақхана болып әзірленген. Қазіргі таңда клубта дәрігерлер, мейірбикелер, кіші аяжандар барлығы 38 адам орналасқан.

Тағы да оқыңыз: