Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ол кентішілік газ құбырлары құрылысының барысымен, кентте жаңадан салынып жатқан әкімшілік және 100 төсектік аудандық аурухана ғимаратымен, Жалағаш ауданы аумағындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің қазіргі жағдайымен танысып, мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй мен жол жөндеу жұмыстары, Жалағаш кентін газдандыру, коммуналдық шаруашылық саласының жай-күйі жайындағы мәжіліс өтікізді.

Мәжілісте Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов бүгінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларды айта келе, жобалардан үнемделген қаржыларды қайта бағыттау жөнінде салалық басқармаларға ұсыныс енгізілгенін жеткізді.

Сондай-ақ, салалық басқарма басшылары Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстар мен түйінді мәселелерге тоқталды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдігіне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: