Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Талсуат ауылындағы Мүгедектерге арналған оңалту орталығында болды.

№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызмет алушылар Мүгедектерге арналған оңалту орталығына уақытша көшірілген болатын. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары орталықтың жұмысымен танысып және қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан қызметтерді қадағалады. Орталық ішін аралау барысында Наурызбай Байқадамов мемлекет қамқорлығындағы егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтер көрсетуде ерекше бақылау жасауды тапсырды.

Облыс әкімінің орынбарасы одан әрі елдімекендегі жүйке ауруымен ауыратын балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында болып, карантин кезіндегі жүргізіліп жатқан санитарлық-дизенфекциялық алгоритмге сәйкес күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: