Kyzylorda-news.kz. Қызылордада облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысымен бекітілген «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларының» 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.

Осыған байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелген С.Сермагамбетов, А.Альназарова, А.Кайруллаев, И.Шагиртаев, М.Сарсенбаевты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою туралы шешім қабылданды.

Тағы да оқыңыз: