Kyzylorda-news.kz. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді мүшелері қаладағы 5 өткізу блок-бекеттерінде әскери және медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Облыстық ассамблея мүшелері, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев басқарған белсенділері қаладағы 5 өткізу блок- бекеттеріндегі әскери және медицина қызметкерлеріне, барлығы 150 адамға өзбек халқының ұлттық тағамдарын ұсынды.
Биыл Қазақстан халқының бірлігі мерекесі төтенше жағдай кезеңінде аталып өтілуде.

Соған байланысты мерекелік шаралар әлеуметтік желілер мен блог-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде ұйымдастырылуда.

Тағы да оқыңыз: