Kyzylorda-news.kz. «Орталық атқарушы органдар басшы­лары­ның, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовтың 2020 жылғы 19 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.

Есепті кездесуге байланысты халықтың ұсы­ныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақ­тайтын жәшіктер төмендегі мекен- жайларда орнатылған:

Арал ауданы бойынша: аудан әкімі аппараты, Арал қаласы әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі.

Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімі аппараттарының, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, Халық­қа қызмет көрсету орталығы, Қазалы теміржол вокзалы, «Талап» автостанциясы, «Ырыс-Болашақ» базары, Қазалы қалалық мәдениет үйі ғимараты;

Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімінің аппараты, теміржол вокзалы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қаз­пошта» АҚ аудандық бөлімшесінің ғимараты;

Жалағаш ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Жалағаш кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі,  аудандық емхана, №202 орта мектеп;

Сырдария ауданы бойынша: Тереңөзек кенті әкімінің аппараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі, №35, №36, №210 және №131 орта мектептер;

Шиелі ауданы бойынша: аудан әкімінің аппараты, Шиелі кенті әкімінің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі, теміржол вокзалы, «Арман» мәдениет үйі, №47, 219 орта мектептер;

Жаңақорған ауданы бойынша: аудан әкі­мінің аппараты, Жаңақорған кенті әкімі­нің аппараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы;

Қызылорда қаласы бойынша: Теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Жайна», «Универсам», «SMALL», «Сырдария» сауда үйлері және «Жаңа базар» базары;

Ескертпе: Барлық аудандарда және Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттердегі әкімдердің аппараттарында халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін жинақтайтын жәшіктер орналасқан.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың қоғаммен өзара байланысты құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын тиімді іске асыру мақсатында облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың және облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшалары ашылған.

Егер Сізді толғандырып жүрген қандай да бір сауал болса, әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюыңызға болады.

Тағы да оқыңыз: