Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы 3 қалалық емхана 65 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Карантин уақытында мұнда учаскелік дәрігерлерді үйіне шақыртқандардың қатары көбейді. Бұрын 40-50 адам хабарласса, қазір күніне 100-ге жуық тұрғын дәрігер көмегіне жүгінеді.

Сұранысты қанағаттандыру мақсатында, емханадан қосымша мобильдік топтар құрылды.

Нақтырақ айтсақ бүгінде барлығы 10 мобильді топ жұмыс жасауда. 3 мобильді топ науқастарды көрсеткішіне қарай провизорлық стационарларға тасымалдайды. Оның құрамында 3 дәрігер және 3 жүргізуші бар. Ал 3 мобильді топ “Коронавирусты инфекция нақтыланған жағдай, симптомсыз түрімен және жеңіл ағымы” диагнозы қойылған және стационардан коронавирус инфекциясымен ауырған сондай-ақ орташа дәрежеде емделіп шыққан науқастарды бақылайды.

Сонымен қатар тар буынды мамандармен психологтар көмегін көрсетеді. Келесі 4 мобильді топ үйдегі стационар бойынша ем тағайындалған пневмания диагнозы нақтыланған науқастарға көмек береді.

Бүгінгідей сын-сағатта медицина мамандары өз өмірлерін қатерге тіге жүріп қызмет етуде. Бұл ретте емханада қауіпті дертпен бетпе-бет келген дәрігерлермен қатар, науқастың үйіне барып, ем- дом көрсететін мұндай мобильді бригадалардың да жұмысы жеңіл емес. Ендеше, ақ халатты абзал жандардың ерлікке пара-пар еңбегіне қолдау білдіріп, әр адам бүгінгі сақтық шараларына бейжай қарамауы тиіс.

Тағы да оқыңыз: