Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өткен жылы 124 миллиард теңгенің 2900 мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Нәтижесінде 8,9 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев мәлімдеді.

«Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында облыс бойынша 2733 конкурс ұйымдастырылды.

“Бұл заңнама талаптарын қолданудың біркелкі тәжірибесін қалыптастырып, саланы кәсібилендіруге кезекті қадам деуге болады. Себебі, саладағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тартылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға азайды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу заңдылығын жетілдіру бағытында ұсыныстар енгізу тәжірибесіне сүйенудеміз. Мемлекеттік сатып алу орталықтандырылған түрде бір жерден өткізілуде”, – деді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев.

Тағы да оқыңыз: