Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының сыр маржаны шетелдер де сұранысқа ие. «Абзал және Компания» Толық Серіктестігінің «Элита» бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Монғолия, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан және ТМД өзге елдеріне экспортталады. Кәсіпорын «күріш сапасы» стандарты бойынша ақталған және ұсақ күріш өндіреді.

Аймақта сыр маржанын өндейтін ірі зауыттардың бірі — Қызылорда қаласында орналасқан «Абай Дәулет» ЖШС. Заманауи корей технолгиясымен жабдықталған кәсіпорынның қуаттылығы сағатына 7-10 тонна. Шығарылған өнімнің 60% экспортқа жіберіледі.
Бүгінгі күні барлық кәсіпорындардың жылдық қуаттылығы 408,5 мың тонна. Өңірде ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру осы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Экспорт көлемі 31% ұлғайған.

newtimes.kz

Тағы да оқыңыз: