**Kyzylorda-news.kz. “Қызылорда-Көкшетау” бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жасар астаналық мас күйінде тәртіп бұзған.
**

«Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне «Қызылорда – Көкшетау» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы вагондардың бірінде құқық бұзушының бар екені жөнінде шағымданды», – дейді Көліктегі полиция департаментінің бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, тексеру барысында көлік полицейлері ішімдік ішкен Нұр-Сұлтан қаласының 28-жасар тұрғынын анықтады.

Қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп  жолаушылардың тыныштығын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Бұдан соң, құқық бұзушы жоғарыдағы аталған пойыздан акт бойынша түсірілген.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен, яғни, тыныштықты бұзу және алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», – деді Қалижан Қобландин.

Тағы да оқыңыз: