Kyzylorda-news.kz. Қызылордалықтар онлайн түрде электронды үкімет порталы арқылы алынатын ең көп тараған қызмет — электрондық цифрлық қолтаңба алу. Тек осы жыл басынан бастап ХҚКО арқылы қала бойынша 71 343, аудан бойынша 131 159 ЭЦҚ берілген. Жалпы облыс бойынша 202 502  Электронды цифрлы қолтаңба алынған.

«Қызылорда облысы тұрғындарының жалпы саны 780 мыңға жуық адамды құрайтынын ескере отырып, ЭЦҚ алу бүгінгі таңда ең танымал ғана емес сұранысқа ие қызметке айналды деп айтуға болады», – дейді халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ЭЦҚ алу бұрыңғы кезге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болды. Енді электрондық үкімет порталындағы “ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу” сервисін пайдалану арқылы небәрі 5 минуттың ішінде ЭЦҚ алуға болады.

Тағы да оқыңыз: