Kyzylorda-news.kz. 15 қараша күні Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы қалалық Полиция басқармасына арызданды.

Осы жылдың қазан айында танысы сеніміне кіріп «медициналық жедел-жәрдем станциясына фельдшер қызметіне күйеу баласын жұмысқа тұрғызып беремін» деп 200 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшасын да қайтармаған.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдікті 26 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: