Kyzylorda-news.kz. Бұлақ жанында есірткі еккен Қызылорда облысының 2 тұрғыны ұсталды.

2020 жылы 19 шілде күні қызылордалық полицейлермен Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан «Бота соққан» деп аталатын жерде бұлақ жанында егілген 14 келі 383,28 грамды құрайтын 240 түп сора өсімдігі мен 653,42 грамм болатын 100 түп көкнар өсімдігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңақорған ауданының 2 тұрғыны ұсталды. Күдікті азаматтарды тексеру барысында полиэтилен пакетке оралған кептірілген шөп ұнтақтары айғақ зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар зат «кептірілген марихуана» екені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен «Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: