Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында діни басқарманың Сыр өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасы кезекті 600 отбасыға қуаныш сыйлады.

Рамазан айының алғашқы апталығында облыс бойынша 850 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған «Рамазан қоржындары» тарту етілсе, мамыр айының 1-11 күндері аралығындағы есеп бойынша жалпы облыс көлемінде 600 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Оның ішінде облыс орталығында тұратын 100 отбасыға өңірдің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары қоржын таратса, қалған 500 отбасыға аймаққа қарасты жеті аудан және Байқоңыр қаласы мешіттерінің қызметкерлері мен белсенді жамағаттары көмек көрсетті.

Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын. Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асыралатын болады.

Тағы да оқыңыз: