Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданындағы 2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады деп күтілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымова ауылдардағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты.

Аудандағы Таң ауылдық округінде орналасқан №118 мектептің жөндеу жұмыстары «Ауыл ел бесігі» жобасы арқылы жүзеге асуда. Бұл білім беру ұйымына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Ал Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған.

«Есет батыр ауылындағы №124 мектепте 353 оқушы білім алады. Мектеп ғимараты 140 орындық және 200 орындық 2 блоктан тұрады. Биылғы жылдың мамыр айында мектептің 200 орындық корпусының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес хабарландыру жарияланды. Құрылыс жұмыстары 1 тамызда басталды. », – дейді Ақзира Қасымова.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен 2 жеке мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз: