Kyzylorda-news.kz. “Ауыл-Ел бесігі” арнайы жобасы бойынша ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында шаралар 2020 жылы жалғасуда.

Аталған жоба бойынша 8 елді мекенде (Арал ауданы Жақсықылыш кенті, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Шалқия кенті, Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекені, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекені , Шиелі ауданы Ақмая ауылдық елді мекені, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық елді мекені) 130 жұмыс орны ашылып (21 тұрақты, 109 уақытша), 52 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:

  • Ауыз сумен қамтамасыз ету 2 жоба (Бекарыстан би, Жаңақорған кенті);
  • 2 мектеп құрылысы (Жақсықылыш, Жалағаш кенті балалар әуез мектебі);
  • 4 мектепке күрделі жөндеу (Бекарыстан би, Ақмая, Ақсуат, Шалқия);
  • Денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы (Жақсықылыш);
  • Ауылдық клуб құрылысы (Шалқия);
  • 10 көшені жарықтандыру (Бекарыстан би-8, Ақжарма-1, Ақмая-1);
  • Көшелерді орташа жөндеу-32 жоба.
    Осы жұмыстарға республикалық бюджеттен 4 636 млн теңге, жергілікті бюджеттен 490 млн теңге бөлінді.
    Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: