Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылының 3 қызы жоғалды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылының 3 қызы жоғалды

27.03.2021, 15:00

907 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы 3 жасөспірімге іздеу салады.

25 наурыз күні түнгі сағат 02:00 шамасында 15-16 жастағы үш жасөспірім Нугманова Ділда Мұсабекқызы (1сурет), Несторова Любовь (2сурет) және Сабанкулова Рано (3 сурет) Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан шығып белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған үш жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде. Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында. Үш жасөспірім қыздар жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.

0

Пікір қалдыру