Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектептің оқушыларымен кездесті. Кездесуге 40-тан астам жас қатысты.

Айбек Айдарбекұлы және өңірлік ассамблея жастар ұйымы төрағасының орынбасары Алина Новикова жаңа идеяларымен бөлісіп, ассамблея жастар ұйымының жұмысын және жастар тарапынан жүзеге асырылған жобаларды таныстырып өтті.

«Өңірлік ассамблея жастары өз алдына мақсат қойып, оларды іске асыру үшін бар күш-жігерін салуда. Ұйымның басты мақсат-міндеттері – жастар бастамаларын дамыту, жастар ортасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, олардың әлеуметтік дәрежесін арттыру. Бүгінгі таңда облыстағы ассамблея жастар ұйымының құрамында 50-ге жуық жас бар. Олар елдегі әрбір жаңартуларға белсене атсалысып, қоғам дамуын жеделдету үшін бар күш-жігерін салуда. Алда үлкен міндеттер тұр. Жастар ұйымдары реформаларды жүргізуге зор ықпал ете алатынын түсіну маңызды. Осы орайда сіздерді бірлесіп жұмыс істеуге, креативті ойлармен бөлісіп, жаңа идея мен ерекше жобаларды жүзеге асыруға шақырамын»,- деді Айбек Дайрабай.

Кездесу соңында оқушылар сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: