Kyzylorda-news.kz.  Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы, жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 10 сәуірден бастап Республика көлемінде тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция  өткізілуде.

Мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау.

Акцияның 17 күніндеоблыс көлемінде тұрғындардан барлығы 47 өтініш түсіп, 70 дана қару қабылданған.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың,  оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.         

Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды полиция бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: