Қызылордалық жүргізуші 8 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық жүргізуші 8 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған

15.02.2021, 11:20

511 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 8 айда 181 рет жол ережесін бұзған азамат ұсталды

«Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірі бар жеңіл автокөлігін ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған.

Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Арканмен» аталған автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы – 2021 жылдың 11 ақпаны  аралығында  3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл  салынған.

Сондай-ақ, жүргізуші көлікті сақтандыру құжатсыз тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, жиналған құжаттар сотқа жолданды.

0

Пікір қалдыру