Kyzylorda-news.kz. Биыл «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» инвестициялық, кластерлік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 2,1 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны мақұлдады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.

Ет өңдеу кешені, асыл тұқымды мал басын көбейтетін шаруашылық, кварц құмын өндіретін зауыт және шұжық шығаратын цех іске қосылады. Жобаларға тиісті қаражаты бөлініп, бүгінде ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

“Корпорация жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда барлық бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ, қаржы институттарына және екінші деңгейлі банктерге жобаларды ұсынамыз. Бұдан бөлек, бүгінде 22 жоба қарастырылуда. Оның 14-і өндіріс, 6-ы ауыл шаруашылығы, 2-еуі балық шаруашылығына қатысты. саласы. Қазіргі таңда, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа деңгейіне шығару үшін бірқатар қаржылық және ғылыми институттармен жұмыс жасаудамыз”, – деді Азамат Досжанов.

Тағы да оқыңыз: