Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коммуналдық қызмет үшін берілетін төлемдерге өтініштер маусым айының аяғына дейін қабылданады.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

«Өңірде 123 мың тұрғын аталған көмекті алуға құқығы бар. Оның ішінде 1, 2, 3 санаттағы мүгедектер – 27,2 мың, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және теңестірілген адамдар – 1,5 мың, мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар – 5,4мың, көпбалалы отбасылар – 43,3мың, ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер – 37,5мың, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар – 8,3мың, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 168. Сонымен қатар коммуналдық төлемді басқа да беріліп жатқан әлеуметтік көмектер сияқты жеке есеп-шотқа қаржылай түспейді. Яғни, бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады», – деді Ерлан Жоламанов.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органмен белгіленген call-орталық арқылы өтінім береді.

Өтінімдер келесі call-орталықтары арқылы қабылданады:

– Қызылорда қаласы: 400-700 телефон нөмірі немесе www.15.epd.kz сайты арқылы;
– Арал ауданы бойынша: 2-22-24;

– Қазалы ауданы бойынша: 7-91-35;

– Қармақшы ауданы бойынша: 2-27-62;

– Шиелі ауданы бойынша: 4-32-66;

– Жаңақорған ауданы бойынша: 2-10-17;

– Сырдария ауданы бойынша: 2-20-01;

– Жалағаш ауданы: 2-32-232, 31-101 нөмері арқылы.

Құрметті облыс тұрғындары, коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртекте 15 мыңнан кем болса, төлем келесі мерзімге шегеріледі. Коммуналдық қызметтің бір бөлігін өтегені бойынша төлем түбіртекте көрсетіледі.

Тағы да оқыңыз: