Kyzylorda-news.kz.Қызылорда облысында бүгінгі күнге жер қойнауын және жер асты суларын пайдалануға рұқсаты бар 112 салық төлеушіге камералдық бақылау шаралары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Камералды мониторинг басқармасы хабарлады.

Бақылау шарасының нәтижесінде, жыл басынан бері 11 салық төлеушіден бюджетке 10,3 млн теңге қосымша салық өндірілді.
“Ағымдағы жылы осы қызмет түрін заңсыз жүзеге асырған облыс көлемінде 4 салық төлеуші (2 заңды тұлға, 2 дара кәсіпкер) анықталған. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы, 1-тармағымен жалпы сомасы 416,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды”,- делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: