Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев облыс орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер жаңа форматта көрсетілуде.

Осыған орай, департамент басшысы Нұрман Бақбергенұлы жаңа формат бойынша қызмет алушылардың пікірлерін тыңдап, қызмет көрсету барысындағы мәселелермен танысып, оң бағасын берді.

Айта кету керек, тұрғындар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алуға барады.

Қызметтерді тек кезек уақытын алдын ала брондау арқылы алуға болады. Ал, ХҚКО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы мен Telegram-Bot қосымшасы немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

Тағы да оқыңыз: