Kyzylorda-news.kz. Қытайда коронавирусқа қарсы шұғыл жағдайда қолданылатын алғашқы 2 дәрі бекітілді.

«Би-Ар Ай-Ай-196» және «Би-Ар Ай-Ай-198» деп аталған бұл дәрілер вирусты жоятын антиденелерден жасалған. Нақтырақ айтқанда, коронавирустан жазылып шыққан адамдарда қалыптасқан антиденелерден дайындалған. Мамандардың айтуынша екі препаратты да үлкендер мен салмағы 40-тан асатын 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға да қолдануға болады. Дәрілер негізінен ауруы жеңіл немесе байыпты және дерттің асқынуы жоғары деп саналған науқастарға қолдануға арналған. Қытай мен шетелде жүргізілген клиникалық сынақтар препараттың коронавирусты жұқтырған науқас халінің нашарлауы мен дерттің өлімге әкелуінен 78 процент қорғайтынын дәлелдеген.

24.kz

Тағы да оқыңыз: