Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ассамблеяның стратегиялық міндеті не екенін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стратегиялық міндет ретінде біз барлық этно-әлеуметтік топтарды біртұтас ұлтқа біріктіру жөніндегі көпжоспарлы жұмысты жалғастырамыз. Ассамблея құрылымдары – Достық үйлері мен лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді дамыту бойынша күш-жігерді де ұлғайтудың маңызы зор. Ассамблеяның және этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік бағдарланған, қайырымдылық қызметін дамыту, сондай-ақ әртүрлі салалардағы волонтерлік институтын дамыту жөнінде шаралар қабылдау жалғасады», – деген Қырымбек Көшербаев аталған міндеттерді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің жанындағы қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысына жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауды қажеттігін атады.

«Этностарды қазақ халқының айналасындағы біріктіру мен топтастырудың орталығы ретінде достық үйлерінің жұмысын құруға тұжырымдамалық, жаңаша көзқарас қажет», – деді Мемлекеттік хатшы.

Тағы да оқыңыз: