Kyzylorda-news.kz. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына сапары туралы жазба жариялады.

«Еліміздің оңтүстік өңірінде жұмыс сапарымен жүрмін. Кеше Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықовамен Кіші Аралға барып қайттым. Солтүстік Аралдағы ахуалды жақсартуда Көкарал бөгетінің құрылысы үлкен рөл атқарды және бүгінде ол жақтағы су көлемі 27 текше шақырымға жетті. Өңірдің экологиясы жақсарып, балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Су қоймасында тіршілік ететін балықтың 20-дан астам түрі бар», – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Оның атап өтуінше, бөгеттің стратегиялық маңызы бар және оның жай-күйін бақылауға алып, үнемі күтіп ұстау қажет.

«Осы мақсатта бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізу жоспарланған, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба таяу келешекте жүзеге асырылатын болады және нысанды жаңғырту барысында жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Тағы да оқыңыз: