Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Қорқыт ата атындағы әуежайдың жаңа терминалы замануи үлгіде салынады.

Сыртқы қабаты табиғи таспен және қасбет панельдермен әрлендіріледі. Шатырын құлама, фальц жабыны бар болаттан, ауасы ауысып тұратындай етіп орнатамыз.

Ең маңыздысы, мұндағы әрбір бөлме мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді етіп жобаланған. Бұл жерде пандустар да, арнайы лифттер де, тұрақ аймақтары да бар. Осының барлығы барынша жайлылық үшін жасалған.

Терминал алғашқы жолаушыларын 2024 жылдың қыркүйегінде қабылдай алады – оның қандай болатынын суреттерден көре аласыздар.

Қасбетінің мөлдір учаскелеріне аспалы витраж жүйесін орнатады. Сондай-ақ әрқайсысы жеке жақтауға салынып бекітілген қатты селективті жабындысымен қоскамералы әйнек пакеттерін пайдаланылады. Алюминийден жасалған терезелер де қоскамералы әйнек пакеттерімен толтырылады.

Болат Өтемұратов Қоры осы жобаны қаржыландыруға 25 миллион доллар бөлді. Құрылыс аяқталған соң бұл нысан мемлекет меншігіне беріледі.

Тағы да оқыңыз: