Kyzylorda-news.kz. Партия халықтың көкейіндегі проблемаларды шешудің тиімді жүйесін жасауды, қоғамдық қабылдау жұмысын күшейтуді жауапты міндет етіп қойды. Соның ең негізгісі – азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ асу.

Бүгінде партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сейсенбі күні де облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалында тұрғындармен кездесіп, мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауда әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау салаларына қатысты өтініштер қаралды. Аманжол Сақыпұлы олардың ешқайсысы ескерусіз, қараусыз қалмайтынын, көмек берілетінін жеткізіп, әрқайсысын зерделеп шықты.

Айта кетейік, бүгінде депутаттардың ресми парақшасындағы өтініштерге де жауап берілуде. Осыған қарап, елдің мәселесіне назар аудару, халықпен кері байланыс орнату ісі көңіл көншітерлік деуге болады.

Тағы да оқыңыз: