ҚАЖ қызметкерлері полиция күнін салтанатты түрде атап өтті – Kyzylorda News
Басты бет

ҚАЖ қызметкерлері полиция күнін салтанатты түрде атап өтті

22.06.2021, 18:06

401 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты. Мерекелік шара  Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталып, шарада ҚР  Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың  құттықтау жеделхаты тапсырылды.

Сондай-ақ  ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаментінің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, «әділет майоры» арнаулы атағы ЗК-169/1 мекемесі Арнайы есепке алу тобының бөлім бастығы әділет капитаны Фариза Сембаеваға мерзімінен бұрын берілді. «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Серік Махсутов, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны Асылбек Кыясов марапатталды.

Жалпы мерекеге орай ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен 42 қызметкер марапатталды.

Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне  диплом және басшы құрамның арнаулы атақтарын табыстау рәсімі өткізілді. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров бітіруші түлектерге жоғарғы білім жайлы дипломдарын табыстай отырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

0

Пікір қалдыру