Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның тағы үш облысында ауа рйына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда 31 шілде күні найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады деген болжам бар. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Тағы да оқыңыз: