Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның барлық станцияларында контейнерлерді тиеу рұқсат етілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында хабарланды.

«Айтарлықтай перспективалы контейнерлік тасымалдарды дамыту мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүк тасымалдарын жүзеге асыратын барлық станциялардың кірме жолдарында контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берді. Рұқсат елдің көліктік және транзиттік әлеуетін ашу, сервис деңгейін арттыру және әкімшілік кедергілерді жою үшін клиентке бағдарлану шеңберінде берілді»,-делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: