Қазақстанның 10 өңірінде күн бұзылады – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанның 10 өңірінде күн бұзылады

07.02.2020, 15:20

626 0

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің көптеген аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан мен өзге бірнеше өңірде ескерту жариялады Нұр-Сұлтанда​ қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні – 15-20 м/с, 23 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысады. Желдің күші – 9-14 м/с. 8-9 ақпанда түнде ауа температурасы күрт төмендейді, аяз -10 -20 градус.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні – 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында​ да тұман түсіп,​ көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысында боран, тұман, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, боран боалды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Желдің күші – 15-20 м/с.

Павлодар облысында​ боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с, 2 3 -28 м/с.