Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек тасымалдау жеделдетілді. Тиісті нормативтік құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Оның айтуынша, шетелден келетін дәрі-дәрмек заттары жеңілдетілген тәртіппен бөлшектік компанияларға түсе бастады. Көп ұзамай препараттар дәріханаларға жететін болады.

Бұдан бөлек министр аймақтарда дәрі-дәрмек бағасын қадағалаудың күшейтілгенін айтты. Яғни, әр облыста әкімдік жанынан бағаны қадағалау топтары құрылды. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер де атсалысуда.

Тағы да оқыңыз: