**[Kyzylorda-news.](https://kyzylorda-news.kz/) kz. 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс күні болады. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.** _«Демалыс күндері:_ * _2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;_ * _2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;_ * _2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде._ Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.