Kyzylorda-news.kz. Коронавирус жер бетіндегі миллиондаған адамның демалыс туралы жоспарын күл талқан етті. Тек қана Қазақстанның өзінде 15 мың адам Қытайға бару шешімінен бас тартқан.

Таиландта тынығуды қалаған 6 мың отандасымыз коронавирусқа байланысты жоспарын өзгертті. Бұл туралы Қазақстан туроператорлар қауымдастығының өкілдері хабарлады. Мәліметтерге қарағанда осы екі елдің өзінен туристік компаниялар жеті жарым миллион табыс табуы тиіседі. Алайда пайдадан қағылды. Соңғы кезде Түркия мен Египетте демалуды қалайтындар саны да біршама қысқарған.

Ал Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына туристік виза беруді уақытша шектеп тастады. Коронавирус Ресейлік туроператорларды да тығырыққа тіреп жатыр. Мұндағы саяхатшылармен жұмыс жасайтын компаниялардың жалпы шығыны 27 миллиард рубльден асқан.

«Хабар 24»

Тағы да оқыңыз: