Kyzylorda-news.kz. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскери қызметшілерінің салтанатты есебі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресейге келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жақында парадқа қатысушылары мінген ұшақ Мәскеу маңындағы «Чкаловский» әскери аэродромына қонды.

Дайындық кезінде қазақстандық әскери қызметшілер «Звенигородский» әскери санаторийінде тұратын болады. Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында парад қатысушыларына халықпен және адамдармен қарым-қатынасты болдырмау үшін жаттығулардан басқа, аймақтан тыс шығуға тыйым салынады.

Әскери қызметшілер Мәскеуге кетер алдында коронавирусқа ПТР-тест тапсырды. Айта кету керек, қатысушылар әр үш күн сайын коронавирусқа қатысты ПТР-тест тапсырады.

Дайындық алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін орындай отыра, карантиндік шараларды қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда тәулігіне екі рет медициналық тексеру, үй-жайларды санитарлық өңдеу және желдету, әскери қызметшілерді қажетті дезинфекциялау және медициналық жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

Жаттығулар Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонының алаңында өтеді. Жалпы парад есебіндегі қазақстандық әскери қызметшілердің бірінші жаттығуы 15 маусымға жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: