Kyzylorda-news.kz. МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жекелеген түрлерін тұтыну осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады.

Бұл туралы Медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«Қабылданған шектеу іс-шаралары – төтенше жағдай, карантин және дәрігерлердің өзін-өзі бақылау бойынша ұсынымдары салдарынан сәуір айында медициналық көмектің жекелеген түрлерінің 50% – ға төмендегенін көріп отырмыз. Мамыр айында 40% – ға және маусым айында 30% – ға кему күтілуде. Яғни екінші тоқсан бойынша шамамен баға – орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады», – деді Айбатыр Жұмағұлов.

Бірінші кезекте жоспарлы медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, консультациялық-диагностикалық қызметтерді, медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің төмендеуі болжануда.

«Біздің болжамымыз бойынша, медициналық қызметтерді тұтыну көлемі екінші жартыжылдықта инфляцияны өтеу үшін медициналық ұйымдарға қызмет көрсету тарифтерін арттыру есебінен қалпына келтіріледі деп күтеміз», – деді Айбатыр Жұмағұлов.

(Ескерт. – бұл жерде Қор ауруханалар мен емханаларға көрсетілетін медициналық қызметтер үшін төлейтін тарифтер айтылған, ол халыққа әсер етпейді).

Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс онлайн-отырысы өтті.

Тағы да оқыңыз: