Қазақстанда вакцина далада салынатын болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда вакцина далада салынатын болды

07.04.2021, 16:58

491 0

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн баспасөз маслихаты барысында вакцина салатын арнайы орындар емхананың алдында, далада ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Вице-министр ірі қалаларда вакцина салу қалай ұйымдастырылатынын айтты. Ажар Ғинияттың сөзінше, вакцина салуға сауда орталықтары, емханалар мен емхананың ауласы қолданылады. 

«Күн жылы өңірлерде емханалардың алдына уақытша вакцина салатын орындар жасақтаймыз. Қазір министрліктің тарапынан уақытша вакцина салатын орынға қойылатын талаптар бекітіліп жатыр. Адам саны көп аймақтарда емханаларда, емханалардың алдында, басқа да медициналық ұйымдарда вакцина салынады. Үлкен мегополистерде сауда орталықтарында да егу бөлмелері ұйымдастырылады. Ең бастысы вакцина тұрақты температурасы сақталған, салқын жерде сақталып, жеткізілетін болады», – дейді Ажар Ғиният. 

0

Пікір қалдыру