Карантин талаптары жеңілдетілді: Той тойлауға бола ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Карантин талаптары жеңілдетілді: Той тойлауға бола ма?

02.06.2020, 16:20

6917 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда блок бекеттер алынып, карантин талаптары жеңілдетілгенімен той тойлауға бола ма? Бұған Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған. Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді», – деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.

5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды.

0

Пікір қалдыру