Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда теміржол көлігінің қозғалысы әлі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Бұл кезеңде теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайды. Төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталады. Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады», – деп түсіндірді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.

Тағы да оқыңыз: