Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде шерифтер пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз АҚШ, Ұлыбритания мен Канадада кеңінен тараған шерифтер моделін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков онлайн брифинг барысында.

Сондай-ақ елде «аттам жердегі полиция» қағидатын енгізу көзделген. Сонымен қатар ІІМ қылмыстың көп тіркелуі бойынша елді мекендерге талдау жүргізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарына өзгеріс енгізбек. Шериф – әкімшілік-соттық лауазым. АҚШ-та шериф округтық полицияның басшылығында тұрады. Ал Ұлыбританияда графтықтардағы үкіметтің негізгі өкілі саналады.

Тағы да оқыңыз: