Kyzylorda-news.kz. Жаңа сандық салықты резидент емес компаниялар төлеуі тиіс болады, деп хабарлайды “Хабар 24”.

Яғни қазақстандықтарға қызметін электронды форматта көрсететіндер міндеттеледі. Олар салық төлеуші ретінде өздері тіркелуі тиіс. Бүгінде нарықта оннан астам отандық сауда алаңы жұмыс істейді. Салық алынатын қызметтер сапында бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын сатып алу, компьютерлік ойындар, интернеттегі деректер базасы бар. Сондай-ақ электронды кітаптарды сатып алу, музыкалық және аудио шығармаларды тыңдау, көру де кіреді. Маркетинг және жарнама саласы да салықтан жалтара алмайды.

Мамандардың айтуынша, бастама қазақстандық және шетелдік компаниялардың бәсекелестігін арттырады. Ең бастысы, бюджетке жыл сайын 2 млрд теңге түсіп отырады деген болжам бар.

Тағы да оқыңыз: